Головкиннің есімі 2020 жылдың үздік боксшылар рейтингіне енді

90

0

Givemesport.com сайты былтырғы жылдың үздік боксшыларының тізімін жариялады, олардың арасында қазақстандық спортшы Геннадий Головкин де бар.

Геннадий Головкин рейтингіде 15-ші орында тұр. 2020 жылы Геннадий небәрі бір жекпе-жек өткізген, бірақ ол орта салмақта әлем чемпионы титулдарын қорғау бойынша жаңа рекорд орнатты – Головкин титулдарын 21 рет қорғап шыққан. Еске сала кетсек, желтоқсан айының ортасында Головкин IBF желісі бойынша үміткер, Польша боксшысы Камил Шереметамен жұдырықтасып, жетінші раундтан кейін тізесін бүктірген. Сондай-ақ 38 жастағы қазақстандық боксшы тағы бір чемпиондық белдік – IBO-ны қорғап шықты. 2021 жылы Геннадий Головкиннің мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен трилогия өткізетіні күтілуде – олардың арасындағы айқас қыркүйек айында өтуі мүмкін. Головкин сондай-ақ ХХІ ғасырдың ұлы боксшыларының «үштігіне» кірді. Танымал Give Me Sport басылымы ғасырдың үздік 50 боксшысының рейтингісін ұсынды. Бұдан басқа, GGG ESPN ұсынған P4P рейтингісінің үздік «ондығына» кірді, сондай-ақ «Канелоға» ең тура дарыған соққылар авторы атанды. Бұдан басқа, GGG 2020 жылы спорт алаңына қайтып оралып, көпшілікті шулатқан тұлға ретінде танылды.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз