Педагогтер курстан өтті

507

0

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін заманауи талаптарға сәйкес жетілдіру – білім беру сапасына оң әсер ететін факторлардың бірі.

«Өрлеу» Қызылорда облыстық филиалында 12-23 қыркүйек аралығында «Тарих мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 10-11 сыныптардың күрделі тақырыптары» тақырыбында біліктілік арттыру курсы өтті. Курс тарих пәнінен күрделі тақырыптар бойынша теориялық, практикалық және әдістемелік дағдыларды кеңейтуге бағытталды.

Біліктілікті арттыру курсы барысында тыңдаушылар «Қазіргі заманғы ғылыми технологиялар» тақырыбы аясында тарихи ойлаудың зерттеу біліктері мен дағдыларын зерделеді. «Қазіргі әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі» тақырыбын оқып-үйренуде оқушылардың тарихи терминдермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту тәжірибесімен алмасу мүмкіндігіне ие болды. «Алаш – қоғамдық ой және ұлттық идея» тақырыбы бойынша оқушылардың талдау біліктері мен логикалық ойлауын дамыту бойынша әдістемелік тәсілдерді пысықтады. «Әлемдік өркениеттер тарихы» тақырыбын зерделеу кезінде саралау әдістерін пайдалану бойынша өз дағдыларын жетілдірді. Lesson Study технологиясын зерделеуге арналған көшпелі сабақта, курстан кейінгі кезеңде өз тәжірибесінде қолдану үшін Lesson Study-дің 5-кезеңін жобалау бойынша демонстрациялық сабақты бақылау және талдау жүргізді.

Педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту – біздің басты назарымызда.

Раушан Мәрсәлі,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

 филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<