Құрылыс қарқынды жүруде

327

0

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Бақытжан Дүзелбайұлымен бірге Қазалы қаласы мен аудан орталығы – Әйтеке би кентінің аралығындағы тұрғын үйлердің құрылысын көрді. Әлеуметтік осал топтар үшін салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы қазіргі күні аяқталуға жақын.

Нысанның сырты қапталып, ауыз су, газ және жарық мәселесі шешілген. Әрбір үйдің жұмысына асқан жауапкершілікпен қарау қажет екенін айтқан аудан басшысы тез арада тұрғынжайды ел игілігіне беру қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаевқа барлығын бақылауда ұстап отыруды тапсырды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<