Арал қаласында білім беру орталығы ашылмақ

984

0

Фото: Білім басқармасы

Бүгін басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы, Арал ауданының әкімі, филология ғылымдарының кандидаты Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы мен Қызылорда ашық университетінің ректорының міндетін атқарушы Абайбек Жүнісов, университет ғалымдары мен профессор-оқытушылары, білім алушылар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қызылорда ашық университетінің Арал қаласындағы қашықтықтан білім беру орталығын ашу жөніндегі меморандумға қол қойды.

Қызылорда ашық университеті 25 жыл тарих бедерінде алған асулары мен бағындырған белестері қоғамда лайықты орынға ие болған, бүгінде бакалвриаттың 23 білім беру бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жүргізіп келеді.

Университет ғалымдары ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысып, бірнеше жоба бойынша гранттық қаржыландыруды жеңіп алды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған конкурстарда университет ғалымдары өз жобаларымен қатысып, бірнеше мәрте жеңімпаз атанған.

2022 жылы маусым айында университет Қазақстан Республикасында танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енген Қазақстанның Заманауи Элиталық Білім Ассоциациясы (KAZSEE) арқылы халықаралық институционалдық және білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеуінен өтіп, 5 жыл мерзімге институционалдық және білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеуінен өткендігі туралы сертификаттар берілген.

2024 жылғы 23 наурызда Қызылорда ашық университеті Азия Ашық университеттер қауымдастығына (Аsian association of open universities – AAOU) қауымдастырылған мүшесі болып қабылданған. Қауымдастықтың 23 толық мүшесі, 18 қауымдастырылған мүшесі бар. Қызылорда ашық университеті бұл қауымдастықтағы алғашқы және жалғыз қазақстандық жоғары оқу орны ретінде 1987 жылы құрылған Азиялық ашық университеттер қауымдастығы негізінен ашық және қашықтықтан білім беруге арналған жоғары оқу орындарының ұйымы қатарында екені белгілі.

Қызылорда ашық университетінің Арал қаласындағы қашықтықтан білім беру орталығын ашудағы басты мақсат университеттің атауы айтып тұрғандай ашық, қолжетімді білім беру мүмкіндіктерін кеңейту және білім беруді басқару, оқыту және зерттеу тұрғысынан оқу орынның сапасын жақсарту, қашықтықтан оқыту жүйелері мен кәсіби стандарттар арқылы білім беруге ықпал жасау, ашық және қашықтықтан білім беру мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<