Қырғызстанда қазақстандық отбасы қар құрсауынан құтқарылды

449

0

Фото: Рixabay

Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Қазақстаннан келген бір отбасын қар құрсауынан құтқарды. Бұл туралы ведомство Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Оқиға 9 желтоқсан күні болған. Қазақстандықтар «Nissan Patrol» көлігімен Ыссықкөл облысы Ақ-су ауданындағы Қызыл-Қия – Башарын елді мекеніне кетіп бара жатып, қарда тұрып қалған. 

«Ақпаратқа сәйкес, көлікте болған адамдар – 5 адамнан тұратын отбасы. Барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары. Олар «Қаракөл» тау-шаңғы курортына демалуға келген», – делінген мәліметте.

Оқиға орнына елдің Төтенше жағдайлар министрлігі Тауда-құтқару қызметінің төрт қызметкері, сондай-ақ министрліктің Ақ-су аудандық бөлімінің екі құтқарушысы жеткен. Құтқару көлігінің көмегімен қазақстандықтардың машинасы оппы қардан шығарылды.

«Туристердің жағдайы қанағаттанарлық. Қазір олар Қаракөлде, ауа райының жақсаруын күтіп отыр», – деп нақтылады Қырғыз министрлігінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<