Ұлттық мерекеге әзірлік жоғары

507

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен брифинг өтті. Онда 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесі аясында облыс көлемінде өтетін мәдени-көпшілік іс-шаралар барысы айтылды.

Ұлттық мерекеге орай аймақта ресми шаралармен бірге, елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттауға арналған мәдени бұқаралық іс-шаралар, қайырымдылық және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық акциялар ұйымдастырылады. Қалада және аудандарда бірқатар әлеуметтік құрылыс нысандары ашылады. «Балалар жылы» аясында облыс әкімінің бастамасымен, демеушілердің қолдауымен салынып жатқан 80 ойын алаңының 67-сі пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, қалалық автобус паркіне жаңа көліктермен толықтырылады.

Жалпы Сыр өңірінде 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесі 17-30 қазан аралығында жоспарланған мерекелік іс-шаралар аясында халықтық сипатта аталып өтеді. Айта кетейік, мерекеге орай өңірде мыңдаған мәдени-көпшілік іс-шаралар жоспарланған, оның ішінде негізгі және кешенді 108 іс-шара ұйымдастырылады.

                                                                                            «СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<