Жұматай Әлиев – президенттікке үміткер

598

0

Орталық сайлау комиссиясына президенттікке үміткер ретінде «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі атынан Жұматай Әлиевтің құжаттары тапсырылды.

2022 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Жұматай Әлиевтің «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары берілді.

Ол Орталық сайлау комиссиясына төмендегідей құжаттар тапсырды.

1. «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. Ж. Әлиевтің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломдарының көшірмелері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<