Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы тағайындалды

1133

0

Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен 2018 жылдың 30 мамырынан бастап қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметіне Қарабаев Ғалымжан Мырзахметұлы тағайындалды.
Ғалымжан Мырзахметұлы 1980 жылдың 7 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
Еңбек жолын 2005 жылы қалалық жер кадастрлық филиалының технигі қызметінен бастаған;
2006 – 2007 жылдары «Жер ғылыми өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық меншіктегі кәсіпорны Қызылорда филиалының ІІ-санаттағы инженері, «Қызылорда жер» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының кадастрлық іс-жасақтау бөлімінің жетекшісі;
2007 – 2009 жылдары «Қызылордажер-2» ЖШС директоры;
2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін қалалық жер қатынастары бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<