Облыс әкімі Батырхан Шөкеновтың анасын қабылдады

607

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова белгілі әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновтің анасы Диляра Ибрагимқызы Шөкенованы қабылдады. Көзі тірі болғанда халықтың сүйікті әншісі күні кеше 58 жасқа толар еді.  Кездесуде әншінің анасы облыс әкіміне Батырхан туралы жарық көрген кітапты және әндер жинағын тарту етті.

Батырхан Шөкеновтің ту­ған күніне орай облыстық мә­дениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас­тамасымен және үйлестіруімен бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, жергілікті «Qyzylorda» телеарнасында тікелей эфир арқылы «Жаңа күн» бағдарламасынан арнайы сюжет көрсетілді, кешкі эфир мезгілінде көрермендер «Сағым дүние» концерті мен ұйымдастырылған флешмобты тамашалай алды.

Сонымен бірге, «СЫР ШАҢЫРАҒЫ» Youtube каналы мен әлеуметтік желілерде «Әуен-саздың шебері» тақыры­бында бейнетаныстырылым көр­се­тіліп, «Сыр самалы» вокалды-аспапты ансамблі мен эстра­да әншілерінің «Мәңгі із­дей­мін» атты онлайн концерті өтуде.

Мұнан бөлек, әрбір ниет білдіруші белгілі әншінің құрметіне ұйымдастырылған «Ба­тырдың әндерін бірге шырқайық» атты флешмобқа қатысуға мүмкіндік алды. «Хабар» телеарнасының эфирінде Батырдың репертуарынан «Отан ана», «Джулия» және «Қайран көңіл-ай» атты үш әні шырқалды. Бұл әндерді жанкүйелер де бірге теледидар алдында орындап, оны бейнеге жазып, телеарнаның электронды поштасына жолдау арқылы шараға атсалысты.

«Хабар» телеарнасының тіке­лей эфиріне Нұр-Сұлтан, Ал­маты және Қызылорда қала­ларының әншілері қосылды. Жер­гілікті өнерпаздар Б.Шө­кенов атындағы саябақтан қо­сылып, әншінің танымал ән­дерін орындады.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<