Президент «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалымен танысты

305

0

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалымен танысты. Кazinform агенттігі бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Президентке жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жөнінде баяндады:

– жаңа терминал жеке демеушінің қаражатына салынып, кейін мемлекет меншігіне өткізіледі;

– жоба құны – 20 миллиард теңге. Оның ішінде 15,7 миллиард теңге – демеушінің әуежай құрылысы үшін бөлген қаржысы. Сондай-ақ жергілікті бюджеттен әуежайдың сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу үшін 4,3 миллиард теңге қаржы бөлінген;

– халықаралық стандартқа сай болатын әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалады;

– жаңа терминал келесі жылы пайдалануға беріледі. Нысан қолданысқа берілгеннен кейін жолаушылар тасымалы бір сағатта 250 жолаушыға қызмет көрсете алады;

– түрлі бағыттарға ұшатын әуе рейстерінің саны артады.

Бұдан бөлек, облыс әкімі Қызылорда қаласында заманауи үлгіде салынып жатқан автобекеттің биыл жыл соңында іске қосылатынын және қаланың теміржол вокзалына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Еске салайық, бүгін таңертең Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<