Қызылордада бүгін 3 ауылдық округте әкім сайлауы өтіп жатыр

413

0

Сурет ашық дереккөзден

Қызылорда облысында бүгін 3 ауылдық округте әкім сайлауы өтіп жатыр.

ҚР Сайлау туралы конституциялық Заңына сәйкес бүгін Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған аудандарында ауылдық округ әкімдерін сайлау өткізілуде.

Жергілікті тұрғындар Қазалының Шәкен, Қармақшының Алдашбай ахун, Жаңақорғанның Қыркеңсе ауылдық округтерінде әкімі болуға үмітті кандидаттарға дауыс беріп, өз таңдауын жасауда.

Ауыл әкімі қызметіне 10 азамат үміткер ретінде тіркелген. Оның 2-і партия атынан, 8-і өзін-өзі ұсыну тәртібімен науқанға қатысуда..

Айта кетсек, жыл басынан бері Қызылорда облысында 13 ауылдың әкімі сайланды. Енді жыл соңына дейін аймақта тағы 9 ауыл әкімінің сайлауы жоспарланған.

Сондай-ақ, Президент тапсырмасына сәйкес облыста 2 аудан әкімін тікелей сайлауға мүмкіндік алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<