Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының екі орынбасарын тағайындады

8143

0

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысының өкімдерімен Ұлан Раисов ҚР ҚМА төрағасының бірінші орынбасары, Дмитрий Малахов ҚР ҚМА төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды:

Ұлан Ермұханұлы Раисов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<