Алдымызда ұзақ жол

888

1

Менің білетінім, адам баласының бірінші үйі – өз үйі, отбасы, ал екінші үйі – білім алып тәрбиеленген мектебі. Балаға ата-анасымен бірге ұстаздары өнеге көрсетеді. Ұстаздың ең бақытты сәті – білім берген шәкіртінің қияға қанат қағып, арманына жеткен кез. Ал біз үшін ұстазымыздың мерейін үстем етіп, мақтанышына айналу мерей.

Кеше ғана мектеп табал­дырығын аттаған едік, уақыт зымырап өте шықты. 11 жыл білім алған алтын ұямыздан, Абай айтқандай, дүниенің кетігіне кірпіш болып қаланатын кез келді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, 11 жыл бойы бойымызға білім мен тәрбиені, адамгершілікті дарытқан ұстаздарым, алтын ұя – мектебім жайлы айтуды жөн көрдім.

Бүгінде Ғалымжан Әлім­ұлы басқаратын №273 орта мектебінің жетістіктері көп. Атап айтар болсақ, өткен жылы 1 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, 3 оқушы «Үздік аттестат» алды. Облыстық, аудандық кезең бойынша пән мұғалімдері үздік атанды. Биыл да 2 оқушы «Алтын белгіден үміткер», 2 оқушы «Үздік аттестат» алып мектебіміздің абыро­йын асқақтатамыз деген ойдамыз. Түлектердің сапалы білім, саналы тәрбие алуына ұйытқы болып жүрген ұстаздарымды мақтан тұта­мын. Өз шәкірттерінің биіктен көрінуіне бар уақытын арнаған Дәрігүл Орынба­сарова, Ай­намкөз Ахатаева, Сара Әб­ді­баева апайларымның еңбегі зор.

Алдағы ҰБТ-ны тапсыру, одан әрі ұзақ жол – өмір соқпағы жатыр. Сол жолға ұстаздар көрсеткен бағытпен бет алсақ, адаспаймыз деп ойлаймын.

Меруерт ІНЖІБЕКОВА,

№273 орта мектептің бітіруші түлегі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<