«Бір мектеп – бір жоба» байқауы мәресіне жетті

1397

0

Фото: Білім басқармасы

Жыл басында аймақтың бас ұстазының идеясымен бастау алған облыстық байқау өз мәресіне жетті.

Өңірдегі білім беру ұйымдары басшыларының инновациялық және кәсіби тәжірибелерін анықтау, тәжірибе алмасу, білім беру жүйесіндегі өзіндік кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында өткен байқау қорытындысымен «Мектеп абсерваториясы» жобасы бойынша Қызылорда қаласындағы 264 мектеп-лицейінің директоры Тұмырзаев Бек ІІІ орынды, «Media studio – оқу үдерісінде» жобасымен Жаңақорған ауданының 286 мектеп директоры Нәлібаева Ляззат ІІ орынды иеленсе, «Құндылықтарға негізделген тәрбие үдерісін модельдеу» тақырыбындағы ұлттық құндылықтарды ұлықтаған жобасымен Қазалы ауданындағы 17 мектептің директоры Сматуллаева Эльмира жүлделі І орынды жеңіп алып, арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар алды.

Мұнан бөлек «Ұлттық мектеп» жобасымен Жалағаш ауданындағы 123 мектеп директоры Мыханова Айнұр мен Шиелі ауданындағы 41 мектептің директоры Елжасарова Айгүл «Түлектер қауымдастығы – мектеп өмірінде» жобасымен «Үздік сабақ» көрсетсе, «Мектеп. Кәсіп. Болашақ» жобасымен Қармақшы ауданындағы 85 мектеп-лицейінің директоры Шыңғысова Шаттық пен Қызылорда қаласындағы 101 мектебінің директоры Өткелбаева Айгүл «Жасыл мектеп» жобасымен «Үздік жоба» иегерлері атанды.

Байқаудың қорытынды кешіне қатысқан басқарма басшысы Асқарбек Темірбекұлы барлық 23 қатысушыға алғыс хаттар табыстады.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<