Бес бастама – елдік тұғыры

447

0

Маған алғаш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына қатысу ба­қыты бұйырды. Шынымды айтсам, елордадағы «Бейбітшілік және келісім сарайынан» бірлік пен татулықтың жылы желі есіп, таңқаларлық жағымды атмосфера бойымды билеп алды. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тө­ра­ғалығымен «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бір­лігінің тұғыры» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында қоғам үшін маңызы зор мәселелер талқыланды.

Елбасының бес бастамасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Қол­жетімді бас­пана, салық төмендігі, сапалы білім, жеңілдетілген шағын несие­лендіру, елі­мізді газдандыру секіл­ді елге қажетті әлеуметтік бас­тамалары көптің көңілінен шықты. Елбасы ең әуелі қарапайым халықтың жағдайына көңіл аударып, әл-ауқатын жақсартудың тиімді жолдарын айтты. Біз Тұңғыш Президентімізге деген елдің сүйіспеншілігіне тағы бір мәрте көз жеткіздік.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел ішіндегі бірліктің өзіндік моделін қалыптастырған бірегей бірлестік. Елі­міз­дегі осы этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған бас­ты міндет.

Еліміздегі жүргізіліп жатқан рефор­малардың барлығын құптаймын. Біз­дің жылу мен жарыққа толы ортақ үйіміз гүлденіп, көркейе берсін. Ол үшін барлығымыз жауаптымыз. Бұдан әрі де ортақ үйіміздің татулығы мен бейбітшілігін соңымыздан өсіп келе жат­қан келешек ұрпақ үшін сақтауға тиіспіз. 

М.Семеникина, 

облыстық неміс этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<