ДӘН ДАЛАСЫ ДҮБІРГЕ ТОЛЫ

623

0

ДӘН ДАЛАСЫ ДҮБІРГЕ ТОЛЫ Сырбойылық диқандар қазір қызу жұмыс үстінде. Өңірдіңауыл шаруашылығы құрылымдары 10 қыркүйектен бастап жаппай күріш жинау науқанына кірісті. 

Күні бүгінге дейінегістің 24,8 проценті немесе 24 499 гектары дестеге салынды. Оның 16 процентібастырылды. Егінші қауым жылдағы әдетпен бұл жолы да жаз бойғы еңбегініңжемісін шашпай-төкпей жинап алуға асық. Биылғы ауа райы олар үшін сын болғаныжасырын емес. Мамыр, маусым айлары айтарлықтай жыли қойған жоқ. ШілдедеСырдария өзенінде су көлемінің біршама азаюы мүмкін екенін мамандар алдын алаескертті. Және тура солай болды да. Әйтсе де, жергілікті шаруалар кедергілердіжеңіп, межеленген мөлшерде өнім алуды көздеп отыр. Еске салсақ, сырбойылықкүрішшілер былтыр бесінші жыл қатарынан рекордтық көрсеткішті жаңартқан еді.Олар гектарына 55,3 центнерден өнім алып, облыс тарихында алғаш рет қамбағажарты миллион тоннадан астам астық құйды. 

Аймақта бүгінгі күні өзге де дәнді дақылдар мен бақша өнімдері жиналып жатыр. Күздік және жаздық бидай, арпа дақылдары толығымен жиналып болса, дәндік жүгері мен тары бойыншажұмыс әлі де атқарылуда. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінеқарағанда, дәндік жүгерінің – 57,5, тарының 16,7 проценті орып алынды. Ақ күрішпен аты шыққан өңір соңғы жылдары ауыл шаруашылығын әртараптандыруға ден қоя бастады. Мысал ретінде суды аз қажет ететін майлы дақылдардың көлемін көбейтуге кіріскенін айтуға болады. Соның ішінде қазіргі кезде барлығы 8687 гектар мақсары немесе жоспарлы көлемнің 84,5 проценті жиналып, 7159 тонна өнімалынды. Орта өнім гектарына 8,2 центнерден айналуда.

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<