Шиеліде «Үздік тәжірибелік орталық» ашылды

1782

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аймақта алғаш рет Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында «Үздік тәжірибелік орталық» ашылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында білгілі болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаковтың айтуынша аталған орталық алдағы уақытта бірнеше емханадан ашылады.

«Шиеліде ашылған «Үздік тәжірибелік орталық» қолжетімділікті және нәтижелі жұмыс істейді. Сондай-ақ, адам денсаулығына қамқорлық жасауға бағытталған кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмекті қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта мұндай орталықтар №3, 6 қалалық емханаларда және Жалағаш аудандық ауруханасында ашылу жоспарлануда», – деді басқарма басшысы Олжас Искаков.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<