Жәрдемақы мөлшері өсті

1063

0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойылып, заңды күшіне енген болатын. Аталған заң жобасы бойынша бірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсететін адамдарға ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде яғни, 48023 теңге көлемінде жаңадан мемлекеттік жәрдемақы берілмек. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Айгүл Маханова мәлімдеді.

«Бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға осы жәрдемақыны тағдайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» тұрғылықты жері бойынша бөлімшелеріне, электрондық үкімет веб-порталы арқылы және бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде медициналық әлеуметтік сараптама бөлімшесіне өтініш беруге құқығы бар. Сондай-ақ, елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар 16 жастан бастап 18 жасқа дейін ғана топтарға бөлінетін болса, енді 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды сырқатының ауырлық дәрежесіне қарай бөлінетін болды. Сәйкесінше, мүгедектік тобына қарай төленетін жәрдемақының мөлшері 16,7 пайыздан 37 пайызға дейін өсті», – деді Айгүл Байтұрсынқызы.

Айта кететін жәйт, бұрын «мүгедек бала» санаты бойынша белгіленген мүгедекті кезеңіне медициналық-әлеуметтік сараптама актісінде бар деректер сараптамалық қорытынды негізінде автоматтандырылған режимде жүргізілетін болады.«Мүгедектік топтарды автоматтандыру түрде белгілеу «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығына сәйкес бір рет жүргізіледі.

Осылайша, 7 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі балалардың заңды өкілдері мүгедектік тобын белгілеу мақсатында қайта куаландыру үшін медициналық ұйымдар мен МӘС бөлімдеріне жүгінудің қажеті жоқ», – деді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің МӘС мәселелері жөніндегі орынбасары Тілеукүл Мырзахметова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз