13 жүлде Сыр спортшыларында

343

0

Қызылордалық спортшылар стенд атудан өткен ҚР кубогының бірінші кезеңінде табысты өнер көрсетті. Шымкент қаласында өткен дүбірлі бәсекеде жерлестеріміз 13 жүлдені жеңіп алды.
Микс-трап түрі бойынша Әлішер Айсалбаев пен Виолетта Ягодарова Кубок жеңімпазы атанса, трап скиттен Рамазан Серікбай мен Светлана Пенькова қола жүлдені иеленді.
Дубль-траптан Айжан Досмағамбетова, Максим Коломоец алтын, Виолетта Ягодарова, Максим Зорин қола жүлделерге ие болды. 
Скит бойынша Светлана Пенькова екінші орынды алса, траптан Айжан Досмағамбетова бірінші, Әлішер Айсалбаев екінші, Виолетта Ягодарова үшінші орындарды еншіледі. Сондай-ақ, спортинг бойынша Азамат Жалғасбек қола жүлдегер атанды. 
Облыстық жоғары спорт шеберлігі, №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінде және олимпиадалық резерв даярлау орталығында тәлім алатын спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Максим Коломоец дайындады. 
Спортшылар енді 26 наурыз – 2 сәуір аралығында Алматы қаласында өтетін халықаралық турнирге қатысады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<