4 АЛТЫН, 4 КҮМІС, 3 ҚОЛА

378

0

Жезқазған қаласында қазақ күресінен 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Сырдың балғын балуандары 19 команданың арасынан 4 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте Жамбыл мен ОҚ спортшыларын артта қалдырып, 1-ші орынды жеңіп алды.

Бұл белдесу сынында  Теміржан Руслан, Ақтоты Зарип, Мұхит Шералиев, Нұршат Əбілтаев алтыннан олжа салып, Бота Бақытқызы,  Перизат Əлібек, Жұлдыз Жұмахан, Айдана Кенжебай секілді мықтылар мойнына күміс медаль тақты.

Ал, Наргиз Войсова, Аружан Жақсыбаева, Еңбек Сақтағанов қолаға қол созды.

Қазақстан жеңімпаздары атанған спортшылар маусым айында Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.

Спортшыларды жарысқа жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Берік Қасымбеков дайындады.

Жалпыкомандалық есепте 2-орынды Жамбыл, 3-орынды ОҚО спортшылары еншіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<