Аралбай Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан Қазақстан кубогы аяқталды

358

0

Қызылорда қаласында  Аралбай Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан Қазақстан Республикасы кубогының I кезеңі аяқталды.

Жарысқа Қырғызстан елінен және еліміздің өңірлерінен 320   шахматшы қатысты.  

7 күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте  Қызылорда облысының құрама командасы үшінші орынды иеленді. Жекелей сайықа келетін болсақ, блиц бойынша 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Назерке Нұрғали, ұлдар арасында Мейіржан Бармағанбетов үздік деп танылса, Әсел Серікбай қола жүлдені еншіледі.

8 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Али Кәусардың мерейі үстем болды. «Ең жас шахматшы» номинациясымен 5 жасар Айжұлдыз Қанатқызы мен Данияр Зұлхарнаев марапатталды.

Сондай-ақ, Қазақстан кубогы аясында ересектер арасында «Қызылорда Опен» рейтингілік турнир өткізілді. Турнирде «Үздік шахматшы»  номинациясына әйелдер арасында Сақыпжамал Бармағанбетова, ұлдар арасында Әділет Ерсерік,  ардагерлер арасында Юрий Егай ие болды.

Жеңімпаз, жүлдегерлерге және номинация иегерлеріне медаль, диплом, кубок  және ақшалай сертификаттар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<