АРАЛДА ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ

126

0

Арал ауданында 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан «Былғары доп» республикалық лигасының облыстық іріктеу жарысы бастау алды. Ауданымыздың белгілі азаматы, «Жанар и Ка» толық серіктестігінің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты болған Алмат Аманұлы Балшамбаевты еске алуға арналған турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішев қатысты.
Өз сөзінде Алмат Аманұлының өмір жолына тоқталған аудан әкімінің орынбасары өңіріміздің тумасы А.Балшамбаевтың аудандық балалар мен жасөспірімдер лигасының президенті, фтбол спортының жанашыры болғандығын атап өтіп, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Атап өту керек, облыстық турнирге аймағымыздың Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария және Арал аудандары қатысуда. Жарыстың қорытындысы ағымдағы жылдың 12 сәуірі күні белгілі болады. Сонымен қатар, жарыстың жеңімпаз командасы Астана қаласында үстіміздегі жылдың 16-24 мамыры аралығында өтетін республикалық жарысқа жолдама алады.