Қазақстандық боксшының нокауты канадалықтарды таңғалдырды

379

0

Менеджер Анна Рева Sports.kz сайтына берген сұхбатында өзінің қазақстандық шәкірті Садриддин Ахмедовтың кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіндегі жеңісін канадалықтар қалай қабылдағанын айта келе, бұл боксшының болашағы туралы пікірін білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Канадалықтар қатты таңғалды, кейбірі тіпті не болғанын түсінген жоқ, өйткені жекпе-жек өте қысқа болды. Біздің промоутерлер оған үлкен үміт артып отырғанын ғана атап өте аламын. Жанкүйерлердің көбісі оны танымайтыны түсінікті, алайда бұл уақыттың еншісіндегі шаруа», — деп есептейді боксшының өкілі. 

Айта кетсек, Садриддин Ахмедов мексикалық Тони Баррерасты жекпе-жектің 31 секундында нокаутқа жіберді.   

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<