Бокс: Назым Қызайбай турнир жеңімпазы атанды

370

0

  Ақмола облысында бокстан әйелдер арасындағы ТМД елдерінің ашық кубогы аяқталды. Бурабай баурайында өткен бокс бәсекесіне елімізден бөлек Вьетнам, Үндістан, Украина, Ресей, Қырғызстан және Қытай Тайпэйінен 80-нен астам боксшы  қатысты.

10 салмақ дәрежесінде өткен шаршы алаң сайысында Қазақстан мен Украинаның бұрымды боксшылары жақсы нәтиже көрсетті. 51 келі салмақта әлем чемпионы Назым Қызайбай турнир жеңімпазы атанды. 54 келі салмақта Дина Жоламан топ жарды. Айта кетейік, аталған халықаралық турнир қыздар арасында елімізден шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері Марина Вольнованың жүлдесіне арналды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<