Бірінші орынға ие болды

382

0

29 мамыр-1 маусым аралығында Орал қаласында азаматтық қорғау полковнигі Фазылов Жарқын Сайлауұлы еске алуға арналған өрт-құтқару спортынан турнир өтті, онда Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері командасы қатысып, бірінші орынға ие болды.

Қызылордалық спортшылардың айтуынша, жеңіске жету оңай болған жоқ. Қарсыластар өте күшті болды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарының спортшылары жақсы дайындалған, әрбір команда жеңіске ұмтылды. Бұдан басқа жарыстарға Орал қаласының қалалық бөлімшелерінің сегіз командасы қатысты.

Жарыстың алғашқы күнінде-ақ біздің спортшылар 100 метрлік жолағынан өту жеңу үшін жарыста алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Екінші жарыс күнінде шабуыл сатысымен көтерілу бойынша Қызылордалық өрт сөндірушілері Батыс Қазақстан облысының спортшыларына жеңіліп, екінші орынды иеленді.

Сол күні П.Атоян атындағы стадионында жауынгерлік қанат жаю бойынша жарыс өткізілді, 3 орынға Маңғыстау облысы, 2 орын Қызылорда облысы, 1 орын Ақтөбе облысы спортшылары ие болды. Сонымен жалпы командалық есепте Қызылорда облысының командасы жарыстың бас кубогын жеңіп алды.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н. Ибрагимов 2018 жылғы 4 маусымда Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалына алтын жүлде иегерлерін күтіп алуға және құттықтауға келді. Ізгі ниетпен Н. Ибрагимов команданы жеңісімен құттықтап, жарыстың әрбір қатысушысына зор денсаулық пен өрт-құтқару спорты бойынша жаңа жетістік тіледі.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<