ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНДЫ

390

0

Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жек сайысынан Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Облыста алғашқы мәрте өткізілген сайыс Астананың 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Ел кубогына республиканың әр өңірінен және Астана, Алматы қалаларынан 200-ге жуық спортшы қатысып, 17 салмақ дәрежесі бойынша үздіктер  анықталды.
Жалпыкомандалық есепте үшінші орынды Астана қаласының құрамасы, екінші орынды Қарағанды облысының командасы иеленді. Ал Алматы қаласының командасы кубок жеңімпазы атанды.
Жарыстың бас төрешісі, бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы қауымдастығының вице-президенті Ринат Абикешев кубок жеңімпаздары мамыр айында Минск қаласында өтетін Еуропа чемпионатына қатысатынын мәлімдеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің дипломымен, медалімен және кубоктарымен марапатталды.
Мадияр МАХАМБЕТ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың
4-курс студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<