Головкин WBC чемпиондық постеріне енді

355

0

Әлемдік боксшылар кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман  твиттерде  ұйым бойынша түрлі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпиондарының маусым айындағы кестесін жариялады, –  деп жазады Sports.kz.

Олардың ішінде орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) де бар.

Головкин соңғы жекпе-жегін 5 мамырда Карсонда (Калифорния штаты, АҚШ)  StubHub Center аренасында өткізіп, америкалық боксшы Ванес Мартиросянды (36-4-1, 21 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<