
Енді боксшы 5 мамыр күні рингке шығып жатса, жекпе-жек Лос-Анджелес қаласының сыртында орналасқан Карсоне қалашығында, StubHub Center шаршы алаңында өтпек. Айта кетсек, бұған дейін BoxRec.com сайты да GGG келесі жекпе-жегі өтетін орын ретінде Карсонды белгілеген еді. Әзірге Головкиннің нақты қарсыласы да анықталған жоқ. Болуы мүмкін кандидаттар арасында ирландиялық Гэри О Саливан мен украиналық Сергей Деревянченко бар. АҚШ боксшысы Ванес Мартиросянның кандидатурасы бұл тізімнен алынып тасталды.