ӘМБЕБАП ЖЕКПЕ ЖЕКТЕН 1-ШІ ОРЫН

389

0

Байқоңыр қаласында әмбебап жекпе-жектен 2000-2001 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 12 команда 180 спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салды.

Нұрбек Жармаханов пен Қазыбек Алтыруовтан тәлім алатын жерлестеріміз қоржынға 8 жүлде салып, жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды.  Екінші орынды Алматы қаласы, үшінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары иеленді.

Жекелей сында Ғазиза Айболатова, Нұрлыхан Тілектесов, Нұржан Құлтаев, Аружан Боранбаева және Мақсат  Сауытбеков секілді болат білек, күрзі жұдырық жас батырлар Қазақстан чемпиондарыдары атанды. 

Бұл 5 спортшы үстіміздегі жылдың мамыр айында Сингапурда өтетін Азия чемпионатына қатысады.

                                                                                   Р.ДҮЙСЕНҰЛЫ.

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<