Қызылордалық Қамшыбек қола медаль алды

960

0

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

91 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен ол жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасты. Төрешілер шешімі бойынша қазақстандық боксшы америкалықтан жеңіліп қалды. Бұған дейін Қоңқабаев ширек финалда ресейлік Иван Верясовтен басым болған еді. Ал 1/8 финалда мысырлық Есри Мұстафа Резкті сенімді жеңген болатын. 

28 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев Қызылорда облысында туған. 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. 2017, 2019 және 2021 жылдары Азияның вице-чемпионы атанған. Биылғы Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Қоңқабаев ту ұстап шыққан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<