Спорттық – денсаулық кепілі

367

0

Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің ұйымдастыруымен мекемедегі жаза мерзімін өтеуші азаматтарға «Спорт –денсаулық кепілі» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мамандарымен бірлесіп  өткізілген шараның негізгі мақсаты – жаза мерзімін өтеушілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Қатысушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған сайыста жаза мерзімін өтеушілер дойбы, шахмат, тоғыз құмалақ, қол күрес сияқты ойын түрлерінен сынға түсті. Аталған сайыс кезеңдерінде белсенділік танытып, жоғары ұпай жинап, жүлделі орындарды иеленген жаза мерзімін өтеушілерді облыстық  дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары Алғысхатпен марапаттап  естелік  сыйлықтар табыстады.
Б.Тәуекел,
ЗК-169/5 мекемесінің
САТЖЖ  бөлімінің  
міндетін атқарушысы
әділет аға лейтенанты.    

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<