Токио-2020: Бүгін қазақ боксшыларынан рингке кімдер шығады?

272

0

Токио Олимпиадасының бүгінгі жарыс күнінде 63 келіге дейінгі салмақта Закир Сафиуллин мен 52 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы бүгін қазақстандықтар спорттың 4 түрінен бақ сынап жатыр.

Соның ішінде жанкүйерлер Елена Рыбакинаның қола медаль үшін өтіп жатқан ойынына үмітпен қарап отыр.

Ал Закир Сафиуллин мен Сәкен Бибосыновтан жанкүйердің тек жеңіс күтетіні айтпаса да түсінікті.

Закир Сафиуллиннің бұл жолғы қарсыласы – жапониялық Дайсукэ Наримацу. 31 жастағы шаршы алаң иесі алғашқы кездесуінде Конго Демократиялық Республикасының спортшысы Фистон Мабайя Мулумбаны 5:0 есебімен таза жеңген болатын.

Ал 34 жастағы отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде перулік Леодан Песо Сабояны таза ұтқан.

Сәкен Бибосыновтың бүгінгі қарсыласы – франциялық Біләл Беннема. 23 жастағы француз боксшысы Токио төріндегі жарысты 8/1 фиалдан бастап отыр. 24 жастағы Сәкен Бибосынов алдыңғы сайыста Пуэрто-Рико өкілі Ривера Янкельден басым түкен болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз