Қызылордада жекпе-жек сайысы өтуде…

543

0

«Евразия» спорт кешенінде әр өңірден жасақталған 200-ге жуық жас спортшылар арасында жекпе-жек сайысы өтіп жатыр. Жарыс бірнеше күнге созылады.

 

Бүгінде «Евразия» спорт кешенінде 18 және одан жоғары жастағы ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жек сайысынан Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Ел кубогына республиканың әр өңірінен және Астана, Алматы жасақталған 200-ге жуық спортшылар 17 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде.

Жарыс Әлем, Азия чемпионаттарына, әртүрлі халықаралық жарыстарға және үстіміздегі жылғы мамыр айында Минск қаласында өтетін Еуропа чемпионатына қатысу үшін мықты спортшыларды және үздік командаларды жасақтау мақсатында өткізілуде.

Бәсекеге 2017 жылғы Әлем чемпионатының финалисі Ұлан Мұқашев, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алыбек Айбек,  2017 жылғы Әлем чемпиондары Қазбек Сағын, Данияр Үстембаев, Азия чемпионы Регина Максимова, 2016 жылғы Еуропа чемпионы Ерғали Наханов және Сыр елінен ТМД чемпиондары қатысады.

Дүбірлі дода Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы Қауымдастығы, Қызылорда облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырылуымен өтуде.

                                                                                      Мадияр МАХАМБЕТ,

                                                                   Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың

                                                                                               4 – курс студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<