2021 жылы Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш қанша теңге болады?

564

0

Sputnik. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшері өзгеріп, жәрдемақылар мен түрлі төлемдер көбейді.  

Қазақстанда АЕК қанша теңгеге тең?

2021 жылы АЕК 2917 теңге (6,9 доллар) болады. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК 2 651 теңгеге, 1 сәуірден бастап 2 778 теңгеге дейін ұлғайған еді.    

Қазақстанда АЕК-тің өсуіне байланысты зейнетақы 7% -ке, мүгедектерге, асыраушысынан айрылғандарға, көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 5% -ке көбейетінін атап өткен жөн.

Ең төменгі жалақы мөлшері

Ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз қалады – 42 500 теңге (100 доллардан сәл артық).

Бұған дейін хабарланғандай, әлеуметтік төлемдердің шығысы биыл 15,2 миллиард теңгеге (36,2 миллион доллар) дейін артты. Ақша Қазақстан үкіметінің резервіндегі қаражатты қайта үлестіру есебінен бөлінеді.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге (81,6 доллар) деңгейінде белгіленді. Өткен жылы ол 32 668 теңгеге (77,7 доллар) тең болды.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері де өсті – 18 524 ​​теңгеге дейін немесе 44 долларға дейін.

Ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 441 теңгеден 43 272 теңгеге дейін артты.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз