Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

326

0

 Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекет қарызы туралы айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Есепті талқылау кезінде мемлекеттік қарыздың өсуіне және квазимемлекеттік субъектілердің борышына барынша назар аударылды.Үкімет алдындағы басты міндет – ол мемлекеттік қарыз  көлемін қауіпсіз деңгейде сақтау. Ол үшін, біз бюджеттің күтілетін кірістерін және әлеуметтік төлемдердің өсуін ескере отырып, он жылдық кезеңге ықтимал қарыз жүктемесін есептейміз», – деді Ә. Смайылов ҚР Үкіметінің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру кезінде. «Мемлекеттік қарыз есепті жылдың соңында төмен деңгейде қалып отыр. Оның мөлшері  жалпы ішкі өнімге шаққанда 25,8 пайызды құрады», – деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.
Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен жылы республикамлық бюджет шығыстары 99,8 пайызға орындалды. Республикалық бюджеттің әлеуметтік шығыстарының үлесі 44 пайыз болып қалыптасты.   

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<