Цемент бағасы түсетін болды

686

0

 Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің қатысумен «Цемент өндіру және өткізу нарығындағы мәселелер» тақырыбында «Open Space» кеңсе отырысы өтті.

Кеңсе отырысы барысында департамент басшысы Е.Орынбаев қазіргі кезде облыс бойынша цемент бағасы өткен жылымен салыстырғанда өсіп отырғандығын, осыған сәйкес, өңірде тауарлық бетон, құрылыс компаниялары салып жатқан үйлердің де бағаларының өсіп отырғанын, бағаның өсуі халықтың наразылығын тудыратынын айтты.

«Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС бас басқарушысының сату жөніндегі орынбасары Сун Вэнбинь цемент бағасының өсу себептерін айтып өтті.

Отырыс соңында,Сун Вэнбинь осы айтылғанды компаниябасшылығына жеткізіп, цемент бағасын қайта қарап, алдағы уақытта Департаментке хабарланатындығын мәлімдеді.

Қазіргі таңда «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС кеңсе отырысында айтылған ұсыныстар ескеріліп, ЦЕМ ll/А-Ш 32,5 Н (ПЦ400 Д20) цемент маркасының бағасы – 1 тоннасына 500 теңгеге төмендейтіндігін хабарлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<