«DALATEX» – тұтынушы талғамындағы тауар өндіруші

48

0

Астанада өткен «Алтын сапа», «Қазақстанның үздік тауары» және «Парыз-2018» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде қызылордалық «Dalatex» ЖШС үздіктер қатарынан көрінді.
Құрылғанына көп бола қой­маған «Dalatex» ЖШС қатысқан «Қазақстанның үздік тауары» рес­пуб­ликалық көрме-конкурсына биыл 153 шағын, орта, ірі бизнес субъектілері іріктеліп алыныпты. Олардың арасынан үздіктер «Өн­дірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» және «Азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін шы­ғаратын үздік кәсіп­орын» аталымдары бойынша анықталды.
Алғашқы өнімі шыққаннан-ақ, халықтың оң бағасын алған «Dalatex» «Халыққа арналған үздік тауарлар» номина­циясының жеңімпазы болды.
«Димаш» ерлер киімі дүкенінің иесі, кәсіпкер Ділмұхамед Әбізов «Dalatex» брендімен 100% мақтадан тұратын ерлер жейдесін шы­ғаруда. Бұған дейін дүкенге киім­дерді сырттан алдырып келген кәсіпкердің өзімізде ерлер жейдесін тігу­ді қолға алғанына көп бола қойған жоқ.
Құрылғы Жапонияның, ал технология мен маталар − Түркияның өнімі. Фабрикада 40-қа жуық адам жұмыс істейді. Жұмысшылардың дені жастар. Тігін фабрикасының өнімдері әзірге ел нарығына шығарылуда, бо­ла­шақта алыс-жақын шет елдерге де экспортталмақ. Отандық өнім­нің бағасы тұтынушылар үшін қол­жетімді, өзге шетелдік өнімдерге қарағанда анағұрлым арзан.
Көпшіліктің көзайымына айналған фабрикада күніне 300-500 дана көйлек тігіледі. Сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін еліміздің өзге де өңірлерінен сауда қоймаларын ашу жоспарланған.
2016 жылдан бері отандық на­рықты игере бастаған компанияның Қа­зақстанның әр өңірінде өкілдіктері бар.
Шынар БЕКБАН.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз