Отандық өнімге сұраныс артып келеді

504

0

Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласы дамып келеді. Статистикалық деректерге тоқталсақ, биылғы 10 айдың ішінде жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18,9%-ға өсіп, 87,5 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. Мысалы, тоқыма бұйымдары 23,7%, ал киім-кешек өндірісі 7,5% артты.

Жеңіл өнеркәсіп саласы үш негізгі топты біріктіреді, яғни тоқыма өнеркәсібі 52%, киім-кешек өндірісі 38%, сондай-ақ былғары және оған қатысты өнімдер 10% құрайды. 2019 жылдың 1 қыркүйектегі көрсеткіштер бойынша жеңіл өнеркәсіп бағытында 1030 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 96% – бұл шағын кәсіпорындар, қызметкерлердің тізімдік саны шамамен 11 мың адам.

Елімізде жеңіл өнеркәсіп бағытында жұмыс істейтін кәсіпорындар ұлттық компаниялар, денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарға, Қазақстанның қарулы күштері мен тәртіп сақшыларына, сондай-ақ қарапайым халыққа арналған киімдерді шығарады. Олардың қатарында сырт киімдер, ерлерге арналған костюмдер, балалар киімі, бас киім, үй тоқымасы және аяқ киімдер бар. Бұдан басқа отандық кәсіпорындар мақта-мата иірілген жіптер мен маталар, кілем, былғары өнімдерін халыққа ұсынады.

 2018 жылы 5 жаңа жоба пайдалануға берілді, олардың қатарындағы екі бастама «Оңтүстік» АЭА орналасқан. Жаңа кәсіпорын 400-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, 2019 жылы кілем және кілем бұйымдарын шығаратын «Бал тоқыма» ЖШС іске қосылып, 45 жұмыс орны ашылды. Әлеуметтік-экономикалық ма­ңы­зы зор бұл саланы да­мы­туға әлемнің көптеген елде­рі әлдеқашан түбегейлі бетбұ­рыс жасаған. Елімізде де осы бағытта бірнеше жобалар қолға алынып, ішкі нарықты отандық сапалы өніммен толтыру үшін қолайлы жағдай жасалуда. Сондай-ақ, экспортты арттыру, еңбек өнімділігін жоғарылату мәселелері де қолға алынған. «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бәсекеге қабілетті дайын өнімді шығаратын кәсіпорындарды қолдауға назар аударылған.