«СКЗ-U» – табиғат жанашыры

323

0

«Парыз – 2018» сыйлығының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясының күміс жүлдегері болып жаңақорғандық «СКЗ – U» ЖШС танылды.
Зауыт 2007 жылы Қазақстан, Канада және Жапония мем­ле­кеттері компанияларының құрыл­тай­шы­лығы­мен құрылған. Жаңақорған ауданындағы Кейден ауылының маңында орналасқан өндіріс орны «Қазатомпром» АҚ-ға қарасты уран өндіретін кәсіпорындарды күкірт қышқылымен қамтамасыз етеді. Қуаттылығы жылына 500 мың тонна. Қалдықсыз өнім шығаруды мақсат еткен зауытта шикізаттың өнімге айналу мөлшері 99,9 процент. Экономикаға ауқымды үлес қосқан зауытта қазір 270 адам жұмыс істесе, оның 170-і жергілікті тұрғындар.
«СКЗ-U» ЖШС-да күкірт қыш­қылымен қатар электр энергиясы да өндіріледі. 2013 жылы зауытта алғашқы өнім шыға бастағаннан-ақ, электр энергия­сына сұраныс артқандықтан, өндіріс орны 420 кВт-тық өзінің күн электр станциясын іске қосады. Бүгінде аталған электр энергиясы серіктестіктің жұмысшылар тұратын қала­шығын толықтай жарықпен қамтамасыз етіп отыр. Отандық өндірісте елеулі орны бар зауыт жұмыстың табиғатқа залал келтірмеуін басты мақсат еткен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<