Алда – облыстық кезең

402

0

Отбасы институтын, өзара келісім мен рухани сыйластықты нығайту, бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын арттыру үшін елімізде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Шараның мақсаты – ата-аналық парыз, жауапкершілік секілді ұғымдарды жас ұрпақ санасына сіңіру, жарасымдылықты  кеңінен насихаттау.

Биыл байқау жетінші рет ұйымдастырылды. Кон­курс үш кезеңнен тұрады. Қалалық, облыстық және рес­публикалық.  Осы орай­да «Мерейлі отбасы – 2021» ұлттық байқауының қа­ла­­лық бірінші кезеңі мәре­сі­­не жетті. Пандемияға бай­­ланысты сайысқа қаты­су­шы­­лар құжаттарын  алдын ала жі­беріп, презента­ция­сын ұсын­ды. Онда отбасы мү­шелері, жеткен жетістік­тері, қандай салада еңбек ететіні туралы ақ­параттар берілді.

Байқауға өтінім 15 мамыр мен 15 маусым  аралығында қабылданды. Биыл конкурсқа қала, кент және ауылдардан  барлығы 14 отбасы қатысты. Жеңімпаздарды анықтау үшін қала әкімінің орынбасары А.Ес­жановтың  төрағалығымен ұлт­тық конкурстың қала­лық кезеңінің комиссия оты­ры­сы өтті. Сынға түскен  қаты­сушылар арасынан жүй­рік­ті анықтау оңай болмады. Қа­зылар алқасы байқауға қа­тысқан отбасы мүшелерінің жеткен жетістігіне, балала­ры мен немерелерінің өнері­не, ата-аналардың тағы­лым­ды тәрбиесіне мән беріп, баға­лады. Ұлттық құндылық­тар­­ды, салт-дәстүр мен мә­де­ниетті  қан­шалықты дең­гей­де біле­­тініне  де назар ауда­рды.

Комиссия  шешімімен 5 от­басы іріктелді. Оның ішін­де Рсалиевтер мен Қожа­бе­ковтер отбасы облыс­тық кезеңге жолдама алды. Жүл­делі бірінші орынды ием­деніп, облыстық кезеңге жол­дама алған Рсалиев­тер көпшілікке жақсы таныс. Ота­на­сы Үмітхан Махам­бае­ва – «Алтын алқа» иегері. 13 құрсақ көтеріп, «Батыр ана» атанған. Қазір оның 9-ы бір-бір шаңырақтың иесі. Ота­ғасы Мақсұт Рсалиев өмір бойы шойынжолда еңбек етіп, саланың дамуына елеулі үлес қосқан жан еді.

Берекесі мен бірлігі жа­рас­қан,  татулығы мен ауыз­біршілігі артқан шаңырақ­тың ұл-қыздары жоғары бі­лімді, бір-бір саланың бі­лікті маманы. Ұлдары кәсіп­керлік саласын жандан­ды­рып, отбасылық бизнесті да­­мытуда. Қыздары дәрігер, ұстаздық жолын таңда­ған. Үмітхан анамыз әлі күн­­ге дейін кілем тоқып, кесте тігеді. Бүгінде ақ жау­лықты ана – 28 немере мен 15 шөберенің қызығына ке­нелген бақытты жан. Өнегелі отбасының жарасымды тір­шілігі көпке үлгі тұтарлық.

Ал, екінші орынды ие­ленген Қожабековтер отбасы  қалаға қарасты Қызылжарма ауылында тұрады. Отағасы  Рүстембек Қожабеков – өнер адамы. Сырдария аудандық әуез мектебін, Жезқазған  мә­дени-ағарту училищесін бітір­ген. Алғашқы еңбек жо­лын Сыр­дария аудандық  мәдениет бөлімінде жыл­жымалы клуб меңгерушісі болып бастаған. Бүгінде Қы­зылжарма ауылдық мәде­ниет  үйінің директоры. Ал, отанасы Қуаныш Мырза­баева – ан­самбльдің көркем­дік жетекшісі. Олар 7 пер­зентті өмірге әкеліп, тәр­бие­леп отыр. 2012 жылы Қо­жабековтер халықтық от­басылық ансамблін құрды. Құрамында 10 адам бар.  Ансамбльдің бүгінде жеткен же­тістігі аз емес. Дәстүрлі өнерді дәріптеп, ұлттық музыканы ұлық­тап келеді.

Отбасы – қай заманда бол­сын, мықты мемлекеттің негізі. Еліміздегі үлгілілерді анықтау мақсатында ұйым­дас­тырылған ұлттық бай­қау­дың об­лыстық кезең же­ңімпазы рес­публикалық  са­йысқа жолдама алатын бо­лады.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<