Зеленский ораза және құрбан айтты мемлекеттік мереке қатарына қоспақ

827

0

Украина президенті Владимир Зеленский Қырымның байырғы халық өкілдерімен кездесіп, алдағы уақытта мұсылмандар үшін екі маңызды мерекеге мемлекеттік мәртебе беруге ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ қырым татарларының мәселесі бойынша жұмыс тобын құру мәселесін көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Украина президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз әрбір адам өзін Украинаның азаматы ретінде сезінетін мемлекет құрғымыз келеді. Мен әрқайсысы халқының тарихы мен дәстүрін ұмытпаған толыққанды азамат ретінде сезінгенін қалаймын. Біз сіздерді тек сөзбен ғана емес, заң жүзінде де қолдағымыз келеді», – деді президент.

Зеленский жақын арада құрбан айт пен ораза айт мерекелеріне мемлекеттік мәртебе беру туралы жарлық шығаратынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Украина президенті сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне Эмина Джапарованың кандидатурасын ұсынатынын да айта кетті. Зеленский осыған байланысты, президент кеңсесінің жанынан Қырым татарларының мәселесін шешумен айналысатын жұмыс тобын құруды ұсынды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалып, алғысын білдірген. Ол мемлекет басшысын халықаралық форумға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<