Облыс әкімінің құттықтауы

735

0

Қадірлі сырбойылықтар!

Сіздерді 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!

Тұңғыш Президент күні мерекесі – мемлекеттің үстем мерейі, үлкен мәртебесі.

Биыл  – тәуелсіз ел болғанымызға 30 жыл!

Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекітіп, әлемге танытып, бүгінгідей беделді әрі қуатты мемлекет болуымызда – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз.

Бұл атаулы мемлекеттік мерекеге биыл 10 жыл толыпты.

Елбасымыздың саяси көшбасшылық феномені тарихқа Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, дана стратег, ұлы реформатор және әлемде қазіргі замандағы аса көрнекті саяси көшбасшы ретінде енді.

Осы ретте, Елбасының Сыр халқымен байланысы неде десек: ең алдымен, «Сыр – Алаштың анасы». Бұл – көненің көзі, мәдени мұралардың асыл көмбесі, талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған Қызылорда жайлы Елбасының сөзі.

Екіншіден, Еліміздің ертеңіне сенген Елбасы Аралды сақтап қалу мақсатында ғасыр жобасы атанған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) жобасын және облысты таратпау жөнінде тарихи шешімдер қабылдады.

Үшіншіден, Отандық ғарыш кеңістігін өркендетті. Қазақ жеріндегі, соның ішінде Сыр еліндегі «Байқоңыр» ғарыш кешенінен қазақ азаматтарының ғарыш кеңістігін бағындыруы да кемеңгер көшбасшының саяси салмағының басымдығы мен жүргізген саясатының дұрыстығы болатын.

Төртіншіден, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы арқылы ел мен елді, жер мен жерді жақындатты. Бұл құрлықаралық автокөлік дәлізінің Қазақстанға тиесілі 2787 шақырымы 5 облыс аумағынан өтетін болса, оның ең көп бөлігі, яғни 812 шақырымы Қызылорда жерінде. Сыр елі үшін ең тиімді дүние екенін айту керек. Бүгінгі күні өңірдегі жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 2,5 есеге артып отыр.

Бүкіл түркі әлеміне ортақ тарихи тұлға, философ, абыз Қорқыт Атаның «Ауыр жүктің мехнатын тұғыр емес, тұлпар білер» дегеніндей, тәуелсіз еліміздің жүріп өткен жолы кемеңгер Көшбасшының кемел істерімен тығыз байланысты екенін жас ұрпаққа жеткізіп отырудың маңызы зор.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі мерекесі құтты болсын!

Елі сүйген, елін сүйген кемеңгер Елбасымыз аман болсын!

Құрметпен

Гүлшара Әбдіқалықова,

облыс әкімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<