Түркістанда танымал брендтердің кір жуғыш ұнтақтары қолдан жасалған

553

0

Түркістан тұрғыны әлемге әйгілі брендтердің кір жуғыш ұнтақтарын өндіретін жерасты цехын ұйымдастырған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ер адам заңсыз жолмен танымал брендтердің ұнтақтарын жасаған. Оларды 2,3 және 6 килограмм қаптарға бөліп салған. Ол ведомство қызметкерлері ұйымдастырған жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ұсталған.

«Ұнтақтарды буып-түюге және өлшеп-орауға арналған 7 жабдық, 500-ден аса ұнтақ қаптамасы, 20 килограмдық 100-ден аса ұнтақ, белгілі маркалардың атаулары бар полиэтилен қаптамалар тәркіленді. The Procter&Gamble Company компаниясына зор залал келтірілді. Ұйымдастырушыға 5,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды», – деп хабарланды қаржы мониторинг агенттігінде.

https://kaz.tengrinews.kz/crime/turkstanda-tanyimal-brendterdn-kr-jugyish-untaktaryi-koldan-329383/

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<