Жеке автокөлікпен қалалар арасында сапарлауға рұқсат етіледі

832

0

Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов блокпостар алынғаннан кейін тұрғындар жеке автокөлігімен емін-еркін сапарлай алатынын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маусым айының басынан блокпостар алынады. Сәйкесінше, өңірлер мен облыс орталықтары арасында автокөлік қатынастары жанданады. Осы орайда тұрғындар теміржол немесе автобус көлігімен қатар, жеке көлігімен де сапарлай алады», – деді С. Байғабылов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан қалалар арасында блокпосттарды алып тастау шешіміне сәйкес, 5 маусымнан тасымалдау шараларын жандандыру бойынша жұмыстар іске асырылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<