62 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды

740

0

Қала аумағында жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын-алу және қоғамға жат әрекеттер жасауға бейім қадағалаусыз және қараусыз қалған, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз деректерін анықтау мақсатында Қызылорда қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс шарасы аясында күнделікті рейд өткізуде.


Нәтижесінде қыркүйек айының 13-16 күндері аралығында барлығы 62 жасөспірім жеткізілген. Олардың кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы анықталып , заңды өкілдеріне тиісті әкімшілік шара көрілді. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің қылмыс жасауына жол берудің 1 дерегі анықталды. 6 ата-ана қолайсыз отбасы есебіне қойылды.

Басқарманың профилактикалық есебіне 4 жасөспірім қойылды.


«Барлық анықталған тәртіп бұзушылық фактілері бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылады», – деп атап өтті полицейлер.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<