Инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыланды

369

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Современные Инновационные Технологии» ЖШС директоры Жомарт Момынбаевпен кездесті. Басқосуға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев, облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев қатысты.

Онда өңірде жоғары технологиялы жобаларды қолдану мәселесі сөз болды.

Жомарт Момынбаев аймақты бу-газбен қамтамасыз ету бойынша жобасын таныстырды.

Өңір басшысы аталған жобаны жан-жақты сараптап, тиімділігін зерделеу керектігін алға тартты.

Айта кетейік, «Современные Инновационные Технологии» (ИнТек) ЖШС – балама қуат көздерімен жұмыс жасайтын отандық инжинирингтік компания. Қазақстандағы «KEGOC», «Самрұқ-Энерго», «Samruk-Green Energy» сияқты ірі өндіріс компанияларымен серіктестік орнатқан. Осыған дейін Жезқазған қаласындағы күн-электр станциясын, Ерейментаудағы жел-электр станциясын және Қапшағай су қоймасындағы күн-электр станциясының құрылысына қатысқан.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<