«Киік» кең ауқымды табиғат қорғау акциясы

558

0

Жануарлар дүниесi – Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығынан құралған табиғат байлығының ажырамас бөлігі.

Сондықтан да оны көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа бүтіндей жеткізу бүгінгінің міндеті.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар және Ішкі істер министрлігімен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығына сәйкес, «Киік» кең ауқымды табиғат қорғау акциясын өткізу мақсатында 2021 жылдың көктем, қыс мезгілдерінде өткізілетін бірлескен іс-шара жоспары (бұдан әрі – жоспар) бекітілген.

Жоспарға сәйкес, «Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-нің ҚР ҰҚК шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, Қызылорда облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалының тарапынан жануарлар дүниесін қорғау бағытында бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылып, қоғамдық және сауда орындарында үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде.

Облыс аумағы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерге жататын қарақұйрықпен ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, пайдалануға тыйым салынған түрлер санатындағы киік жануарларының мекен ету ортасымен өріс аудару жолы болып табылады.

Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығының талабына сәйкес ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2023 жылға дейін тыйым салынған.

Алайда, осындай тыйымдармен шектеулерге қарамастан ақбөкен жануарларына қатысты қылмыстық істер тіркелуде.

2019 жылы қолданыстағы Заң талаптарына өзгерістер енгізіліп, заңсыз аңшылықпен, жануарлар дүниесінің сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысқан тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 337 және 339 баптарында көзделген жазалар қатаңдатылды.

Ақбөкен аңының бір бас серкесін заңсыз аулау салдарынан 6 млн 563 мың 250 теңге, бір бас ұрғашы киікті немесе төлін заңсыз аулау салдарынан 4 млн 594 мың 275 теңге шығын есептеледі.

Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-2-бабына сәйкес, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында оларға немесе олардың жақындарына қатысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндірген тұлғаларға үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, немесе үш жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Табиғат байлықтарымызды келер ұрпаққа сақтап, жеткізу әрбір адамзаттың міндеті деп білемін.

Рахымжан Бурабаев,

«Қызылорда облыстық орман

шаруашылығы және жануарлар

дүниесі аумақтық инспекциясы»

РММ-нің бөлім басшысы.                               

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<