Мәжіліс депутаттары Төретам кентінде

870

0


Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл, Ғалым Әміреев, Геннадий Шиповских жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына арнайы келді.


Жұмыс сапары барысында халық қалаулылары Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповских Төретам кентінде болып бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.


Алғашқы нысан Төретам кентіндегі көшелердің жолдарын орташа жөндеуге байланысты жұмыстардың орындалу барысымен танысудан бастады.


Биылғы жылы Төретам кентінде 20 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда аяқталуға жақын.
Кездесуде халық қалаулылары ауыл ақсақалдары мен кент тұрғындарының ұсыныстарын тыңдап пікірлесті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<