Назарбаев даңғылы

591

0

ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 наурыздағы қорытындысына сәйкес, облыс әкімдігі және облыстық мәслихат шешімімен Қызылорда қаласындағы бұрынғы Жібек жолы көшесіне Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта атау берілді.

Бұл – Сыр елінің Елбасыға деген шексіз құрметі. Тәуелсіздігіміздің тұғырын қалап, нықтап, ядролық қарудан бас тарту арқылы елімізді әлемге үлгі еткен тұлғаның атын, еңбегін ұрпақ жадында қалдырудың бір жолы оның атын ұлықтау болып табылады.

Н.Назарбаев – даңғылы облыс орталығындағы ең ұзын көше. Оның бойында «Сыр сүлейі» аллеясы, облыстық медициналық орталық, «Арай» сауықтыру кешені, «Aray city mall» сауда орталығы, мейрамханалар, көлік сату орталықтары, орталық мешіт секілді келісті, көркем нысандар орналасқан.

Көше жиектері көгалдандырылып, аймағымыздың мақтаныштары бейнеленген көрнекілік құралдары ілінген. Қазақтың тұрмысын, салтын бейнелейтін мүсіндер қойылған.

Күн сайын көріктеніп келе жатқан Қызылорданың қақ ортасын жара өтетін даңғылдың бойымен жүрген қонақтар тәуелсіздік жылдарындағы Сыр елінің жетістіктеріне куә болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<