Қазалыдағы 4 ауылға ұялы байланыс желісі орнатылды

516

0

Қазалы ауданына қарасты 4 елді мекенге ұялы байланыс желісі орнатылды. Бұл мәселе «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асты.

Аудан орталығынан шалғай орналасқан Шәкен елді мекені «Beeline», Аранды, Сарбұлақ және Лақалы ауылдары «Kcell» операторлары арқылы 3G/4G сымсыз технологияларымен және мобильді ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз етілді.

Бүгінгі күні аталған ауылдардың тұрғындары ұялы байланыс желісін пайдаланып, жақын-жуықтарына жедел хабарласып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз